10-сынып оқушысы Слямханова Алинаның шығармашылық жұмыстары » КоммунальноеГосударственное учреждение" Средняя школа имени Турсабекова"
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тұрсабеков атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2025

10-сынып оқушысы Слямханова Алинаның шығармашылық жұмыстары

"Бейнелеу өнері - жүректің өнері" 👩‍🎨🎨
Бір заманда атақты Пабло Пикассо "Кім адамның жүзін дұрыс көре алады: фотограф па, айнама ма, әлде суретші ме?" деген сұрақ тастаған екен. Бұл сұраққа жауап бергендердің көпшілігі суретшіге тоқталған екен. Суретшілік - көргенін емес, сезінгенін, ақ парақ бетіне түсіру өнері. Сырлы бояуды сиқырлы қылқаламмен әдемі үйлестіріп, дарындылығымен дараланған "Тұрсабеков атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 10-сынып оқушысы Слямханова Алинаның жұмыстарын ерекше атап өтсек болады. Дарынды оқушылар тек мектеп мәртебесін көтеріп қоймайды, олар мемлекетті нығайтатын ұлтымыздың болашағы. Оқушының шығармашылығын шыңдау мақсатында Алинаның  жеке сурет көрмесі қойылды. Көрмеде жас суретшінің түрлі тақырыптың жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Алина шығармашылықпен жұмыс жасағанды ұнатады. Алдына анық мақсат қоя білетін Алинаны болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенеміз! 
Жетекшісі: Еркежан Айқынқызы 
@bilim_bolimi_urjar 
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы 
#дарындыоқушыменжұмыс