Хабарландыру » КоммунальноеГосударственное учреждение" Средняя школа имени Турсабекова"
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тұрсабеков атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
сентябрь
2022

Хабарландыру

Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Тұрсабеков атындағы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ :

  1. Абай облысы, Үржар ауданы, Айтбай ауылы, С.Оразов көшесі №30 Б, мекен- жайында орналасқан Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Тұрсабеков атындағы орта мектеп - бақшасы » КММ-не 1,0 бірлікке еден жуушы керек.

Еден жуушысына  қойылатын  талаптары :

Қызмет орынын жинап тазалаушы жұмысының негізгі бағыты - ғимаратының өзіне бекітілген учаскесін тиісті санитарлық жағдай мен тәртіпте ұстау.

Лауазымдық міндеттері:

Қызмет орынын жинап тазалаушы мынадай міндеттерді атқарады:

  1. Өзіне бекітілген қызметтік және оқу орын-жайларын (сынып бөлмелерін, кабинеттерді, коридорларды, баспалдақтарды, санитарлық тораптарды, туалеттерді және т. б.) жинап тазалайды.
  2. Қабырғаларды, едендерді, терезе жақтаулары (кәсекілері) мен әйнектерін, жиһаздар мен төсеніш бұйымдарын қолмен немесе машинамен, не ыңғайластырылған құралдармен шаңнан тазартады, сыпырады және жуады.
  3. Урналарды қағаздардан тазартады және дизинфекциялағыш ерітіндімен жуады, қоқыстарды жинап, белгіленген орынға апарып тастайды.
  4. Унитаздарды, раковиналарды және басқа да санитарлық-техникалық жабдықтарды тазалап, дезинфекциялайды.
  5. Тазартылатын орын-жайларда санитария мен гигиена ережелерін сақтайды, оларды желдетеді; белгіленген режим бойынша жарьқты жағып, өшіреді.
  6. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып қажетті жуу және дезинфекциялау ерітінділерін әзірлейді.
  7. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.
  8. Бекітілген учаскесінде тәртіп сақталуын қадағалайды, оқушылар тарапынан тәртіптің өрескел бұзылуына жол бермес үшін әдепті түрде оның алдын алып отырады, егер олар заңды талаптарға бағынбаған жағдайда бұл туралы кезекші педагогқа хабарлайды.
  9. Әрбір жұмыс күнінің басында және аяғында жабдықтардың, жиһаздардың, құлыптар мен өзге де бекіту қондырғыларының, терезе әйнектерінің, шүмектердің (крандардың), раковиналардың, санитарлық тораптардың, әлектр приборларының (ажыратқыштардың, розеткалардың, лампочкалардың және т. б.) және жылыту приборларының дұрыс жұмыс істеп тұрған-тұрмағанын тексеру мақсатында өзіне бекітілген учаскені аралап шығады.


Лауазымдық жалақысы: (49 729 нан-61 616 теңгеге дейін) 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны:  Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: Абай облысы , Үржар ауданы Айтбай ауылы,С.Оразов көшесі № 30 Б,   анықтама   байланыс телефондары:  8 722 30 2 06 88

Конкурсқа  қатысу  үшін   кандидат қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: 

 1) өтініш; 

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

7) наркологиялық ұйымнан анықтама;

     Конкурсқа қатысу үшін кандидат 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. 

  Аталған  құжаттардың  бірінің  болмауы  кандидатты  конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Онлайн құжаттар қабылданбайды. Конкурс 26-30.09.2022 жыл

Похожие публикации:

05 сентябрь 2022 Хабарландыру
04 октябрь 2021 Конкурс
23 август 2021 Хабарландыру